Талдықорғанның саудагерлері көшенің кеңейтілуіне қарсы шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанның саудагерлері Қабанбай батыр көшесінің кеңейтілуіне қарсы. Өйткені жылдар бойы тауып отырған табыстарынан айырылып қалуға қорқады. Бірақ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі биыл кеңейтілетін көшеде нақты қай сауда орнының сүрілетіні белгісіз екенін жеткізді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір кәсіпкерлер кәсібім құрдымға кетеді деп үрейленсе, жұмысшылары жұмыссыз қаламын ба деп қорқады. Мәселен, кәсібін несие алып, 80 мың долларға сатып алдым деген Дана Сембекова сауда орнының сүрілуіне түбегейлі қарсы. Ал жұмысшылары қазірден жұмыс іздеп жатқандарын айтады.

null«Мына қаз-қатар тұрған дүкендер мен дәріхана, ломбард пен дәмхана сияқты елдің табыс тауып отырған жерлерін сүріп, орнына субұрқақ жасағысы келеді екен. Сонда қалада орындық пен субұрқақ қоятын басқа жер табылмады ма?! 100-ден астам адам осы сауда орындарының арқасында бала-шағасын бағып отыр. Ертең бәрін сүріп тастаса біз қайда барамыз, біздің несиемізді кім өтейді, бала-шағамызды кім асырайды», - деді жеке кәсіпкер Дана Сембекова.

Бірақ саудагерлер қолдарына дәл осы сауда орындарының сүрілетіні жөнінде бірде-бір ескерту қағаз алмаған. Ал Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі кәсіпкерлерді алаңдамауға шақырды.null

«Саудагерлердің алаңдайтын себебі жоқ. Негізі нақты қай ғимараттың сүрілетіні әзірге белгісіз. Жобалық-сметалық құжат шамамен көктемнің аяғында жаздың басында дайын болады. Сол кезде қай ғимараттың сүрілетіні анықталады», - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс.

Соңғы жаңалықтар