Талдықорғанның орталық алаңы жаңарады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта Талдықорған қаласындағы орталық алаңда жеті субұрқақ орнатылып, қаланың көркін кіргізетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ретте алаңда тұрған екі субұрқақтың қазіргі стилі сақтала отырып жаңартылады, сондай-ақ жаңа субұрқақтар салынады. Қандай субұрқақтар орнату қажет, жұмыс қашан басталады, құрылыс барысында қандай жаңа технологиялар қолданылады деген сауалдарға облыс әкімі Амандық Баталов өткізген жиында жауап берілді. Жиынға Қазақстан Сәулетшілер одағының төрағасы, еліміздің еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор Ақмырза Рүстембеков бастаған сәулетшілер мен жобалаушылар қатысты.
null

Кездесуге келгендердің айтуынша, субұрқақ орнату барысында осындай нысандар салу кезінде әлемде кеңінен қолданылатын инновациялық технологиялар пайдаланылады.

Түрлі ұсыныстар мен пікірлерді тыңдай келе, облыс басшысы алаңды жаңарту барысында оның тарихи маңызы мен құндылығын ескере отырып жалпы концепциясын сақтау қажеттігін айтты. Бұл тайқазанды субұрқаққа да қатысты. Мүсіншілер мен сәулетшілерге оның бүгінгі кейпін сақтай отырып жаңғыртудың бүге-шігесіне дейін ойластыру тапсырылды.

Жиын соңында орталық алаңның болашақтағы келбетін таныстырған бейнеролик көрсетілді. Барлық жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін жарықты әрі әуенді, құрғақ, көбікті, бүрку жүйесі бар - жалпы жетеуі жеті түрлі субұрқақ облыс орталығының ажарын бұрынғыдан да аша түсетін болады.

Соңғы жаңалықтар