Талдықорғанның мектебі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсінік берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы №12 мектептің басшылығы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсінік берді. Олардың айтуынша, мектептің төбесінен  су көктем кезінде аққан. Ал 11 сыныптың оқушыларынан линолеумға ақша жинау туралы әңгіме мүлдем болмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде төбеден су аққан деп көрсетілген асхана осы. Иә, біз жасырмаймыз. Бізде биыл көктем айында ондай жағдай болды. Бірақ, жазда қатты жел кезінде біздің мектептің шатыры ұшып кетті. Сол кезде жасалған жұмыстардың нәтижесінде мектептің  төбесінен  су ақпайтын болды», деді білім шаңырағының тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Индира Ахметова.
null 

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде дәл осы мектеп 11-сынып оқушыларының ата-аналарынан линолеумге 5 мың теңгеден  ақша жинауды талап еткендігі жөнінде жарияланған. Білім мекемесінің директоры бірден 11-ші «В» сыныбының мұғалімін шақырып, журналистке осы жайт бойынша түсінік беруін сұрады. Бір қызығы әлеуметтік желіде тараған ақпаратта нақты қай 11 сыныпта линолеумге ақша жинап жатқаны жазылмаған болатын. 

«Біздің 11-ші «В» сыныбынан линолеумге ата-аналардан ақша жинады деген ақпарат тарап жатыр. Бізде ата-аналармен жиналыс болды, бірақ ол жерде  еш уақытта ақша жинау жөнінде сөйлескен емеспіз. Және тағы бір айтқым келетіні, бізге линолеум мүлдем қажет емес. Мектептің өз линолеумі бар», - деді 11 сыныптың мұғалімі Гүлнәр Таштенова.
null 

Айта кету керек, әлеуметтік желілерде  тараған суретте мектеп асханасының төбесінен су ағып, жапсырмалары түсіп жатыр. Алайда бүгін ондай көрініс байқалмады. Асхана төбесі бүтін. Тек  қабырғаның кішкентай  тұсы төбеден аққан  су  салдарын сарғайып қалыпты.

Соңғы жаңалықтар