Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, сегіз адам зардап шекті. Оның үшеуі бала, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық баспасөз қызметінің мәліметінше, 26-қараша күні кешкі сағат 20:00 шамасында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Талдықорған қаласының Еркін ауылы, Қазақстан көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде шағын газ баллоны (сыйымдылығы 5 литр) жарылды деген хабарлама келіп түсті.
Жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ. Алайда тұрғын үйдің қабырғалары мен шатыры қирады.
«Жарылыс салдарынан 8 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді. Алдын-ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қоюы жарылысқа себеп болған»,- делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.
Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД 28 қызметкері, 8 техникасы, 8 жедел жәрдем бригадасы, полиция, газ қызметі және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеді. Сондай-ақ зардап шеккендердің туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін Алматы облысы ТЖД-ның екі психолог маманы жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД азаматтардан газ баллондарын пайдалану және қолдану кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауды сұрайды.
- Павлодарда коронавирустың өршуіне карантинді елемейтін тұрғындар себеп болып отыр
- Алматыдан 517 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді
- Қостанайда тұрғын үйге «бомба қойған» адамға іздеу салынды
- Шымкент полицейлері қонақүйдегі арыстанды іздестіріп жатыр
-
Шуда жергілікті тұрғынның үйінен 17 келіден астам марихуана тұқымы табылды
-
Ақмола облысында сыбайлас жемқорлық жасаған 15 бастық жауапқа тартылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам