Талдықорғандықтар жылу энергиясына 45 млн теңге артық төлем жасаған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында монополистер өңір тұрғындарынан көрсетілген қызмет үшін негізсіз ақы алған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысы прокуратурасының зерделеуі нәтижесінде Талдықорған қаласының 31 мың абонентіне жылу энергиясын қолданғаны үшін 45 млн. теңгеден аса коммуналдық төлемақы негізсіз қосылған. Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша 1 тамыздан бастап артық төленген коммуналдық төлемдер тұрғындарға төмендетілген тариф түрінде қайтарылады», - делінген Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, «Үшқоңыр ирригация» МҚК Қарасай ауданының 12 мың су тұтынушыларынан сумен жабдықтағаны үшін 50% мөлшерде ақыны алдын ала алып отырған.

«Осы талап үлгілік шарттарда да бекітілген. Аталған төлем суды бергеннен кейін төленетінін ескере отырып, облыс прокуратурасы сумен жабдықтаудың үлгілік шарттарын табиғи монополиялар саласындағы заңнамаға сәйкестендіру үшін қадағалау актісін енгізді»,-делінген ведомствоның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар