Талдықорғандықтар Тəуелсіздік мерекесін автошерумен бастады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу жері Тəуелсіздік мерекесін сəн-салтанатпен атап өтуде. Талдықорғанда мерекелік старт автошеруден басталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 автокөлік көк туымызды желбіретіп Тəуелсіздік көшесімен жүріп өтті. Автошеру шаһарға кіре берісте орнатылған Қабанбай батыр ескерткіші жанынан басталып, Қадырғали Жалайыри ескерткішіне дейін жалғасты.

null  

Қазір мерекелік шара «Жастар» саябағында жалғасуда.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік - елдік пен ерліктің іргетасы» атты мерекелік шара барысында спорттық жарыстар, түрлі көрмелер, қазақ эстрадасы әншілерінің қатысуымен гала-концерт өтеді. Кешке эстрада жұлдыздары Мирас пен Құралай,  "Лашын" тобы арнайы келді.

Айта кету керек, қазіргі таңда Алматы облысы қарқынды дамып келеді. 1997 жылы өңір бюджеті небары 11 млрд. теңге болса, қазір бұл қаржы 410 млрд. теңгеге жетті.

null 

Соңғы жаңалықтар