Талдықорғандықтар алып көбелектердің көрмесін ерекше қызығушылықпен тамашалауда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда экзотикалық көбелектердің көрмесі өтіп жатыр. Жұрт назарына сұлу қанатты жәндіктердің 20-дан астам түрі ұсынылуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

null null null
Кейбір көбелектердің жайылған қанатының ұзындығы 30 сантиметрге дейін жетеді. Көрмені дағыстандық азаматтар ұйымдастырды. 23 қазанға дейін жалғасады. Және көбелектер көрмесі еліміздің өзге де қалаларында өтеді  деп жоспарлануда.
null  

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл әдемі жәндіктер қысқа ғұмыр кешсе де, айналасына тамаша әсер қалдырады. Ылғалды және жылуды сүйеді. Түрлі жеміс шырынымен қоректенеді.

null null 

 

Соңғы жаңалықтар