Талдықорғандық журналистер қан тапсырып жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін талдықорғандық журналистер қан тапсырып жатыр. Облыстық қан орталығының жылжымалы көлігі арнайы журналистер үйінің алдына келді. Донор болуға алғашқылардың бірі болып Жетісу телеарнасының таспагері Жасұлан Шынкенже ниет танытты. Жасұлан соңғы 15 жылдан бері донор болып келе жатқанын айтады. Екі ай сайын қан орталығына барып, қан тапсыруды әдетке айналдырған.

«Донор болу өзіме де, өзгеге де пайдалы. Талай жанның өмірін сақтап қалуға үлесімізді қосамыз», - дейді Жасұлан.

Дәрігерлер қан тапсыру денсаулыққа пайдалы екенін айтады. Әсіресе қан қысымымен ауыратын адамдарға донор болуға кеңес береді. Негізінде кез-келген адам жылына үш рет қан тапсырғаны жөн. Қан тапсырған кезде адамның ағзасы тазарады, дейді мамандар. Қазір тұрақты донорларға ақша төленеді. Ал бүгін қан тапсырғандардың әрқайсысына 530 теңгеден берілді. Қан орталығының мамандары өзге де мекемелерге барамыз деп жоспарлап отыр. Ал егер донор болуға ниет танытсаңыз, қан тапсыру орталығына бару қажет. Ол жерде дәрігерлер алдымен тегін түрде денсаулықты тексереді. Қан тапсыруға келген адам соңғы 48 сағатта ішімдік ішпеуі керек. Және қан тапсырардан 2 сағат бұрын шылым шегуге, ащы және қою тағам жеуге болмайтынын да дәрігерлер еске салады.


null null null null null  

Соңғы жаңалықтар