Талдықорғандық студенттер жемқор оқытушылардан шаршағандарын айтуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің студенттері жемқор оқытушылардан шаршағандарын айтып, әлеуметтік желі арқылы өз наразылықтарын білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өздерін педагогика жəне психология факультетінің студенттеріміз деп таныстырған олар, аталған білім мекемесінде жемқорлық  жайлап кеткенін айтуда. Студенттер Фейсбукте емтихан уақыты жақындағанда оқытушылар ашық түрде ақша талап ететіндігін жазды. Олардың сөзінше, оқу орнының педагогтары  емтиханды өз күштерімен тапсыруға мүмкіндік бермей жатқан көрінеді. Сол себепті мұндай бассыздыққа бұдан әрі жол бермес үшін, əлеуметтік желі арқылы жанайқайларын жеткізіп, оқытушыларға мұны тоқтатсын деп талап қоюда.

Егер дер кезінде тиісті шара қолданылмаса олар құзырлы мекемелерге шағымданамыз деп бекініп отыр. Жəне оқытушылардың ақша талап еткендігін дəлелдейтін аудио жəне видео жазбаралардың бар екендігін ескертуде. 

Соңғы жаңалықтар