Талдықорғандық шенеунік пара беру күдігіне ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорын пара берді деп тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол жүргізілген жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды көрсетпей акт толтыру үшін «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ мемлекеттік аудиттің бас маманына 400 мың теңге сомасында пара берді деген күдікке ілінді», - деп атап өтеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен.

Ведомство мәліметінше, аталған лауазымды тұлғалардың пара беруге және оны алуға делдалдыққа қатыстылығы тексеріліп жатыр. Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар