Талдықорғандық өрт сөндірушілер жанып жатқан бөлмеден 4 баллонды алып шықты

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғандық өрт сөндірушілер жанып жатқан бөлмеден 4 баллонды алып шығып, жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігі сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бүгін сағат 7:50-де Талдықорған қаласындағы «ISSMILE» фаст-фуд кафесінің 50 ш.м. болатын ас дайындау бөлмесінде өрт шықты.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-нің 24 қызметкері және 6 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 8:20-да ауздықталып, сағат 8:27-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Талдықорған қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Равиль Шарафутдинов, Әділ Қалиев және Алмас Сексенбаев өз өмірлерін қатерге тігіп, жанып жатқан бөлмеден 3 оттегі баллоны мен 1 газ баллонын (25 литрлік) шығарды. ТЖД қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында ауданы 300 шаршы метрден асатын ғимаратқа өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді.

Өрттің алдын ала себебі – картоп қуыруға арналған құрылғыдағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы.


Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар