Талдықорғандық оқушы АҚШ-тың 5 университетінен оқуға шақырту алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-ші сынып оқушысы Антон Моргунов АҚШ-тың бес бірдей университетінен шақырту алды. Дарынды бала қазір қай оқу орнына баратынын жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Антонның жүрегіне  химия пəні жақын екен. Дәл осы сабақтан ол бірнеше жыл қатарынан халықаралық олимпиадаларда жеңімпаз атаныпты. Ал ағылшын тілін жетік меңгергеннің арқасында АҚШ-тың адуынды деген білім ордаларына шақырту алған. Салмақты жігіт қазір бәрін салмақтап, терең ой үстінде. Оқушының болашақ мамандығы мен оқу орнын таңдау үшін бір айдай уақыты бар. Айтуынша, 1 мамыр АҚШ-та оқушылардың жауап беру ұлттық күні. Яғни, оқушылардың қай оқу орнын таңдау туралы жауап қайтаратын сәті.

«Осы уақытқа дейін маған университтетерден түрлі хаттар келеді. Олар бізге кел деп өзін жарнамалайды. Менің әлі де ойлануға уақытым бар»,- дейді Антон Моргунов.
null  

Дарынды оқушы ұстаздарының айтуынша, Антон өзін-өзі шыңдауға ұмтылған ерекше жандардың бірі. Үлкен тенис және велосипед спортын ұнатады. Мұнан бөлек сайт құрастырып машықтанып, мектептің журналын да ашқан. Бір сөзбен айтқанда ол сегіз қырлы бір сырлы оқушы.

null

Соңғы жаңалықтар