+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Талдықорғандық іздеу жарияланған жасөспірімді табуға көмектесті

2019 жылғы 11 желтоқсан 19:49
Бөлісіңіз:
Талдықорғандық іздеу жарияланған жасөспірімді табуға көмектесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Талдықорған қаласының тұрғыны полиция іздеу жарияланған баланы аман-есен табуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде ұлан сарбаздары жоғалған бүлдіршінді тауып, анасына қайтарды Жамбылда жасөспірім жоғалып кетті Сарыағашта із-түзсіз кеткен 16 жасар бозбала жалдамалы пәтерден табылды

Қаратал ауданының полициясына Үштөбе қаласының тұрғыны хабарласып, жергілікті мектептердің бірінде 8-сынып оқитын ұлының түсте белгісіз бағытта шығып, үйіне оралмағанын айтқан. Аудандық және облыстық тәртіп сақшылары жасөспірімнің мекенжайын анықтауға бағытталған кең ауқымды жедел шараларды қабылдады.

«Бүгін іздеу жарияланған жасөспірімді көпқабатты үйдің подъездінен көрген жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде көрсетілген нөмірге және полицияға хабарлады. Бала аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды. Жасөспірімді іздеп табуға және оның ата-анасы келгенше балаға қолдау көрсеткен қала тұрғынына полиция тарапынан алғысымызды білдіреміз»,- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

14 жастағы баланың үйінен кетіп қалуына отбасы мүшелерінің арасындағы түсінбеушілік себеп болған. Сабақ үлгерімі жақсы жасөспірім бұған дейін мұндай оғаш қылық көрсетпеген. Тәртіп сақшылары баланың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Алматы облыстық ПД таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары 2019 жылы белгісіз бағытта кетіп, іздеу жарияланған жасөспірімдердің 139-ын тауып, жақындарына аман есен табыстаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT