Талдықорғандық фотограф ұлттық нақышта ойыншықтар құрастыра бастады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандық фотограф әрі суретші Жеңіс Ысқабай ұлттық нақышта ойыншықтар құрастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеңіс Ысқабай бала кезінен ағаштан түйін түйіп түрлі бұйымдар жасауға әуес болды. Қазір де негізі кәсібінен қолы босай қалған сәтте шеберханасына барып, ағаш жонып, шеберлік өнерін шыңдауға кірісіп кетеді. Қазір ағаш ұстасы ойыншық жылқының бірнеше түрін құрастырды.

Ал оның бұл жобаға кірісуіне өз балаларының денсаулығына алаңдаушылық себеп болды. Үш баланың әкесі соңғы кездері балаларының теледидар көрсе дұрыс отырмайтынын байқаған. Сондай-ақ өзге де балалар сияқты смартфонға телміріп, компьютер ойындарына тым берілетінін аңғарған. Бұл олардың физикалық дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан оларды алдандыратын бір ойыншық құрастарғысы келгенін айтады.

Шебер алдымен болашақ туындысын қағазға салды. Сосын компьютерге түсіріп, өлшемдерін пысықтады. Керекті материалдарын алып, шеберханада алғашқы ойыншығын жасап шықты. Бала оған отырғанда өзін атқа мінгендей сезінеді. Әрі-беріі тербелгенде бүкіл бұлшық еттері қозғалады. Яғни, ойын баласы ойыншық жылқыға отырып теледидар көрсе де, ойнаса да үнемі қозғалып физикалық жаттығулар орындайды, - дейді Жеңіс Ысқабай.

Ағаш шебері енді-енді отыра бастаған, белі қатайып келе жатқан 6-7 айлық балаларға арнап құлыншақ құрастырды. Ал шыбық сындырып жылқы етіп ойнайтын 4-5 жастағыларға тағы бір тұлпар жасады.

null

Ең бастысы оның бұйымдары экологиялық таза заттардан жасалған. Жеңіс Ысқабай бұл ойыншықтарымен байып кетуді мақсат етіп отырған жоқ. Ол әр қазақтың баласы жылқы құмар болып өскенін қалайды.

null 

Соңғы жаңалықтар