Талдықорғандық дәрігерлер Президенттің әлеуметтік бастамаларын талқылады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Президенттің 10 тапсырмасы алдағы уақытта қоғамдағы әлеуметтік түйткілдерді шешуге айрықша басымдық берілетінін көрсетіп берді.

Кәсіби мерекесін атап өтіп жатқан Талдықорғандағы медицина саласының қызметкерлері осындай пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ел тұрғындарының табысын арттыру - стратегиялық маңызды мәселе» деген жаңалығын қуанышпен қабылдағандарын да жеткізді. Ақ халатты абзал жандар қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңестің құрылуын да қызу қуаттап отыр.

«Қоғамдық сенім жөніндегі ұлттық кеңес көптеген түйткілді мәселелерді шешіп береді. Ол билік пен тұрғындардың арасындағы алтын көпір іспетті болады деген сенімдеміз», - деді Талқықорған қаласындағы көпсалалы аурухананың бас дәрігері Сәуле Құсмолданова.

Соңғы жаңалықтар