Талдықорғандық бассейінде ес-түссіз жатқан жасөспірімді құтқарып қалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғандық дәрігер демалыс алаңындағы бассейінде суға батқан 17 жастағы жасөспірімді құтқарып қалды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмыс уақыты аяқталған дәрігер Ілияс Нүсіпалиев аталған демалыс орнына суға түсуге барған. Сол уақытта бассейннен ес-түссіз күйінде алып шыққан жігітті көріп, бірден көмекке келген. Ол жедел жәрдем көлігі жеткенше, 7-8 минут бойына реанимациялық көмек көрсеткен.

«Суға батқан адамды құтқару кезінде әрбір минут қымбат. Егер бірден көмек көрсетпей, 3-4 минут жоғалтып алсаңыз, онда миға, жалпы ағзаға қан бармай қалады. Жүрекке массаж жасау арқылы жүрек соғысын қалпына келтірген соң есін жиды. Жедел жәрдем көлігі келген соң қажетті ем-шара жасалып, облыстық ауруханаға жеткізілді», - деді дәрігер.

Қазір 17 жастағы Назим облыстық ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы бірқалыпты деп бағалануда.

Соңғы жаңалықтар