Талдықорғандық ансамбль халықаралық жарыста бас жүлдені жеңіп алды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат  - Грузияның  Батуми қаласында өткен би додасында  "Талдықорған әуендері" халықтық фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблі бас жүлдені қанжығалады. 23 мемлекеттен жиналған 300 қатысушының арасынан суырылып шығып, еліміздің атын асқақтатқан өнер ұжымы бүгін елге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жеңімпаздарды әріптестері мен әкімдік қызметкерлері қаланың кіреберісінде құрметпен қарсы алды.

«Біз Батуми қаласында 29 маусым мен 1 шілде аралығында өнер көрсетіп қайттық. Гран-Примен қоса, барлық қатысушылар ішінен мықтысын таңдайды екен. Үшінші орын - Украина, екінші орын - Малайзия, бірінші орын - Грузияға бұйырса, бізге, яғни, Қазақстанға ұйымдастырушылар тарапынан Гран-При және Кубок табысталды. Біздің бағымызды жандырып, бағамызды көтерген - бұл қазақтың ұлттық билері «Тұран» биі мен «Дала сарыны» болды. Байқауға барып-қайтуымызға қолдау білдірген қала әкімі Дастан Шалтабаевқа алғысымызды білдіреміз», - деді "Талдықорған әуендері" халықтық фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблінің жетекшісі Медет Тұзбаев.

"Талдықорған әуендері" халықтық фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблі 2011 жылы құрылған. Өнер  ұжымы былтыр  Сочи қаласында өткен халықаралық байқауға қатысып, 10 мемлекеттің арасынан Бас жүлде және I-орынды иеленген болатын.
null null null 

Соңғы жаңалықтар