Талдықорғандық аналар қоғамдық көлікте тегін жүре бастады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандық көпбалалы аналарға бірінші сәуірден бастап қоғамдық көлікте жүру тегін. Бүгінгі күнге дейін 700-ден астам ана автобуста тегін жүру билеттерін алып үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысының орталығында 4 және одан да көп баласы бар 2500-ге жуық ана тіркелген. Талдықорғандық жолаушыларды тасымалдаушы компаниялар өңір басшыларының көпбалалы отбасыларға қамқорлық жасау туралы үндеулерін қолдап аналарды тегін тасымалдай бастады. алдағы уақытта бұл шығындар жергілікті бюджеттен қарастырылатын болады»,- деп атап өтті қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс.

Жалпы Жетісудың бас шаһарында қазіргі таңда оқушылар мен студенттер, зейнеткерлер тегін тасымалданады. Олардың қатарын ардақты аналар еселеді.

Алдағы уақытта жергілікті билік қала жолдарына муниципалды автобустар шығару мәселесін де қарастырмақ.

Соңғы жаңалықтар