Талдықорғандағы жәрмеңкеге 55 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды (ФОТО)

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Жерұйық-Талдықорған» АӨК» ЖШС-нің құрамына кіретін «Жерұйық» коммуналдық нарығында Талдықорған мен Алматы облысы орталығына жақын аудандардың тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті.

Апта сайын өткізілетін жәрмеңкеде Талдықорған тұрғындарына арналып азық-түліктің 33 түрі ұсынылды. Нақтырақ айтқанда, Ескелді, Көксу, Ақсу, Сарқан, Қаратал және Кербұлақ аудандарының шаруалары жәрмеңкеге 55 тоннадан астам тауар жеткізген.

Тұтунышылар үшін шаруашылық базар аумағында бақылау-таразысы қойылғанын да айта кету керек.




Соңғы жаңалықтар