Талдықорғандағы тергеу изоляторында жаңа қызмет түрі пайда болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Талдықорған қаласының тергеу изоляторында жаңа қызмет түрі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мекемеде ұсталатын айыпталушылар мен сотталғандар енді азық-түлік және алғашқы қажет заттарды жеткізуге бағытталған арнайы электронды дүкен Convex қызметін пайдала алады.

Электронды дүкенде 400-ге жуық түзету мекемесінде ұсталатын азаматтарға пайдалануға рұқсат берілген тауар түрлері бар. Олар азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия, канцеляриялық жабдықтар, киімдер.

Тапсырыс беру үшін, Convex жүйесінде тіркелу қажет. Жеткізу қызметі жұмыс күндері күнделікті жүргізіледі және мекеменің арнайы тінту тобымен мекеме аймағына тиым салынған заттардың өтіп кетпеуін қадағалау мақсатында сәлемдеменің иесі қатысумен тексеріледі.

Сонымен қатар, мекеме аумағында орналасқан Convex электронды дүкенінде айыпталушы мен сотталғандар өз бетімен қалаған тауарына тапсырыс беруі үшін оның жеке шотына ақшалай төлемдер аударуға болады.


Соңғы жаңалықтар