Талдықорғандағы мұғалім мен оқушының жанжалы киім үлгісіне байланысты туған – білім басқармасы

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Мұғалім мен оқушы арасында жанжал қыз баланың киім үлгісіне байланысты туған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жанжал киім үлгісіне қатысты болған. Яғни, оқушының сыртқы келбеті ұстазына ұнамаған. Сол себепті, мұғалім ашуға булығып, оқушыға дөрекілік көрсеткен. Қыз бала да дөрекілікпен жауап қайтарған», - делінген Алматы облысы білім басқармасының хабарламасында.

Яғни, ұстазға өзі үлгілі санайтын оқушының киім үлгісі ұнамаған. Оқушы қыз мектепішілік есепке алынды. Онымен мектеп психологы жұмыс істейтін болады

«Оқиғадан кейін мектеп әкімшілігі этика кеңесін өткізді. Оған оқушының анасы мен мұғалім де қатысты. Өткізілген кеңес пен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде тараптар татуласып, бір-бірінен кешірім сұрап, тарқасты. Мұғалім денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан кету туралы шешім қабылдады. Ал мектеп оқушысы мектепішілік есепке алынды. Онымен психолог жұмыс істейді. Ұжымда кәсіби педагогтар жұмыс істейді», - деп толықтырды ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда мектеп мұғалімі мен оқушының жанжалдасқан видеосы желіге тарап, ұстаздың өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар