Талдықорғандағы мешітте шет тілдерін тегін оқытатын курстар ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласындағы «Иман» орталық мешітінің жанынан ағылшын және араб тілдерін тегін оқытатын курстар ашылды.

Жаңа жобаның арқасында ниет білдірген әрбір адам мешіт қабырғасында ислам дінінің басты құндылықтары туралы біліп қана қоймай, енді шет тілдерін де меңгере алады.

Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және шет тілдері универсиетінің түлегі Ботагөз Нұрқожа бұл жерде ағылшын тілінен сабақ береді. «Қазіргі кезде курстарымызға 30 адам қатысуда. Тыңдаушылардың арасында студенттер, жас аналар, үй шаруасындағы әйелдер, аға буын өкілдері де бар. Сабақтар аптасына екі рет өткізіледі», - деді ол. Дін өкілдерінің айтуынша, медресеге жасы, ұлты және сенім-нанымына қарамастан ниет білдірген әрбір адам келе алады. Жақын уақытта мұнда басқа жобаларды да іске қосу жоспарланып отыр. «Мешіт - ғибадат ететін жер ғана емес, бұл рухани және мәдени тәрбиенің нағыз ошағы. Дін бірігуге, рухани бай тұлға болуға үндейді. Сондықтан жаңа жылды тіл оқыту курстарынан бастап, мұнда дипломы бар мамандарды шақырдық. Алдағы уақытта бұл жобаны жалғастырмақпыз. Болашақта әйелдерге арналған тігін шеберханасын, спорт секцияларын ашқымыз келеді. Адамдарды ислам негіздеріне үйрету, әрине, басты басымдық міндетіміз болып қала береді», - деп атап өтті имам - ҚМДБ-ның Талдықорған аймағы бойынша өкілі Серікхан Ахмадиев. «Иман» орталық мешітінің бастамасын басқа дін өкілдері де қолдауға дайын. Осыған ұқсас курстар облыстағы әр мешітте ашылады.

Соңғы жаңалықтар