Талдықорғандағы құрылысы аяқталмаған қонақ үй жатақханаға айналады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы құрылысы аяқталмаған көпқабатты қонақ үй 280 орындық студенттер жатақханасына айналады. Ғимарат арнайы сараптамадан өтіп, жобалық-сметалық құжаты тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылға дейін Алматы облысында 2 000 студентке арналған 10 шақты жатақхана салынады. Қазіргі таңда 1 университет пен 8 колледж студенттеріне баспана қажет. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында 7 оқу орнына арналған жатақханалардың жобалық-сметалық құжаты дайындалды. Бір жатақхана күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ студенттер баспанасының құрылысы аяқталғанша оларды жатын орындарымен қамтамасыз ету мақсатында қосымша ғимараттар сатып алу қарастырылған.

«Жатақхана құрылысы басталып, ары қарай аяқталғанша күтіп тұрмаймыз ғой. Сол үшін облыс әкімі арнайы тапсырма берді. Дайын тұрған ғимараттарды сатып алу арқылы жастарға жағдай жасалады. Нысандарды жатақханаға айналдыру мақсатында жол картасы әзірленді», - дейді Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова.

Ал Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті өз қаржысына 250 орындық заманауи екі жатақхананың жобасын әзірлеп қойды. Әмбебап студенттер ү йінде әр бөлмеде өз ас үйі, жуынатын бөлмесі болып, барлық қажет жиһаз және тұрмыстық техникамен қамтылатын болады.

Оқу орнының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректордың айтуынша биыл университет жанынан колледж ашылды. Демек студенттер саны артып, жатақхана орындарына сұраныс артады. Қазір жатақхана салынатын жер анықталып, барлық құжаттар дайындалды. Жаңа типтегі жатақханаларда бір бөлмеде екі студенттен орналасатын болады.

Соңғы жаңалықтар