Талдықорғандағы Даңқ ескерткішінде әдепсіз билеген бойжеткендер анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -Талдықорған полициясы Даңқ ескерткіші алдында әдепсіз би билеген екі бойжеткенді анықтады. Бұл туралы Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Айта кетейік, екі бойжеткеннің Даңқ ескерткіші алдындағы әдепсіз биі әлеуметтік желіге тарап, бұл талдықорғандықтардың ашуын тудырған. Тұрғындар «Мәңгілік алау» мемориалындағы әдепсіздердің қылығын сынға алып, оларды «Отан соғысының батырларына арналған ескерткішті қорлады» деп айыптаған.

«Екі қыздың кім екені анықталды. Олардың екеуі де Талдықорғанға қонаққа келген. Оның бірі 19 жастағы Іле ауданының тұрғыны болса, екіншісі 16 жаста, Алматы қаласындағы орта мектептің жоғары сыныбында оқиды. Қазір аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, оған қыздардың ата-аналары да қатысып жатыр. Ұсталғандар Қазақстанның әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады» - делінген облыстық полицияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Белгілі болғанындай, бойжеткендердің видеосы 26 наурызда кешқұрым Талдықорған орталық саябағында түсірілген.

Нет слов... Все выше я уже сказал... И мне очень жаль... Что так происходит в нашем обществе... @ztb_video сделайте пост у себя ************************************* ************************************* Раскрутка Инстаграм не бесплатно. Обращайтесь в дайрект. НАШИ НОВЫЕ ПРОЕКТЫ 👉👉👉👉@panikatdk👈👈👈👈...............................👉👉👉👉@kolesatdk 👈👈👈👈 👉👉👉👉@raskrutkatdk 👈👈👈👈 ************************************* ************************************* #kris_p_tdk#Алматы #Астана #Караганда #Шымкент #Туркестан #Жетысай #Сарыагаш #Актобе #Атырау #Павлодар #Тараз #Кызылорда #Семей #Кокшетау #Темиртау #Жезказган #Балхаш #Талдыкорган #Костанай #Орал #Петропавл #Оскемен #Актау #дтп #🇰🇿 #kz #kaz #qaz#жесть

A post shared by ТАЛДЫКОРГАН 24/7 (@kris_p_tdk) on Mar 28, 2018 at 12:36am PDT

Соңғы жаңалықтар