Талдықорғандағы цехта жарылыс болып, 3 адам зардап шекті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда цех өртеніп, 3 адам зардап шекті. Оның біреуінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 тамызда сағат 03:25-те Алматы облысы ТЖД-сына Талдықорған қаласы Медеу көшесінде автокөлік шинасын қайта өңдеу цехы аумағында сыйымдылығы 5 текше метр (ашық шатыр астында орналасқан), шиналардың вакуумдық пиролизіне арналған резервуардың жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Одан әрі 80 шаршы метр ашық шатыр астында орналасқан ескі шиналар өртенді»,- делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқыс оқиға салдарынан цехтың 3 қызметкері зардап шекті. Олар 59, 52 және 43 жаста. Екі ер адамның жағдайы орташа, 43 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Үшеуі де Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

«Өрт сағат 04.27-де оқшауланып, сағат 04.49-да толығымен сөндірілді. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-дан 24 қызметкер мен 9 техника; қалалық полиция басқармасынан 10 қызметкер мен 4 техника; жедел медициналық жәрдем бригадасынан 6 қызметкер мен 2 техника; су арнасынан 4 қызметкер мен 2 техника; электр желісінен 4 қызметкер мен 2 бірлік техника шықты «, - деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар