Талдықорғандағы би фестивалі: 10 елден 300-ге жуық биші қатысуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Жастар жылы аясында «JETYSU INTERNATIONAL BATTLE» би фестивалі басталды. Шараға әлемнің 10 елінен 300-ге жуық биші қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел аумағында алғаш өтіп жатқан ауқымды жобаға танымал, әлемдік деңгейдегі мамандар төрелік етеді. Олар: Италиядан келген Panzera Simone, Франциядан келген Kanon Akessa Raul-Xavier және украиналық Bboy Stany The Real сынды кәсіби бишілер. Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған би салтанатына қатысушылар Hip Hop Beg, Hip Hop Pro, Hip Hop 3х3, Poping, Breaking 3х3, Freestyle 2х2, Best Show бағытында өзара бақ сынайды. Жеңімпаздар Францияда өтетін «FUSION CONCEPT» әлем чемпионатына жолдама алады.

Сондай-ақ, фестиваль барысында шетелдік бишілердің тегін шеберлік сабағы болады.

«Шараның мақсаты жастардың бойына мәдени құндылықтарды дарыту, заманауи өнерге деген құлшынысын дамыту және белсенді жастардың басын қосу»,- дейді басқарма басшысы Жомарт Қаратас.

Соңғы жаңалықтар