Талдықорғандағы «Айналайын» балалар үйі Астана күнін атап өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері Астана күнін жазғы лагерьде атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жасыл ел» штабы балаларға ерекше тарту жасады. Олар қайырымдылық концерт ұйымдастырып, шаңырақтағы әр баланың көңілін аулауға тырысты. Жәудір көз балапандарды құттықтаған «Жасыл ел» штабының жетекшісі Тимур Нұғманов мерекенің маңыздылығын атап өтіп, «айналайындықтардың» армандарының орындалуын тіледі.

Ал мерекелік шара барысында әрбір қатысушы өзін жұлдыз сезінуге мүмкіндік алды. Тамаша қойылымдар, соғылған шапалақтар осының дәлелі. Концерттің басты ерекшелігі де сол. Оны ұйымдастырған балалар.  Әсіресе «Ұлан»  тобы орындаған «Сен үшін, Астана» әні мерекенің мән-мағынасын келтірді. Мерекелік шаралар балалар арасындағы волейбол мен шағын-футбол жарыстарына ұласты. 

Соңғы жаңалықтар