Талдықорғандағы «114» желісіне жарты жылда 6 мың қоңырау шалынған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғандағы «114» қауырт желісіне жарты жылда 6 мыңнан астам қоңырау шалынған. Call-орталық негізінен тұрғындарға діни мәселелер бойынша кеңес беру мақсатанда республика аумағында тегін қызмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қауырт желіні Алматы облысында құрылған «Ізгілікті істер» қоғамдық қоры арнайы грант ұтып алып іске қосты.

Маусым-қараша айлары аралығында ел тұрғындарынан 6 мыңнан астам қоңырау шалынып, нақты дін тақырыбы бойынша 500-ге жуық адамға кеңес берілді. Білікті теологтар мен психологтар халықтың дін мәселесіне қатысты сауалдарына жауап беріп қана қоймай, жеке қабылдаулар жүргізді.

Дін саласының өкілдері мұндай қауырт желі өте қажет екенін алға тартады.

Талдықорғандағы орталық «Иман» мешітінің қызметкері Нұрсұлтан Нұрфазыловтың айтуынша адамдар білместіктен көп қателіктер істеп жатыр.

«Білместіктен біреудің ақылын тыңдап, біреудің кеңесін алып адасып кетіп жатады. Сондықтан да бұл жоба сол үшін жасалған». Адам баласын диструктивті жат ағымдардан сақтап қалу үшін, адамдарды дұрыс жолға салудың бір үлкен жобасы деп ойлаймын», - дейді дәстүрлі дін өкілі.

«114» қауырт желіні ұйымдастырушылар егер мемлекет тарапынан қолдау болып, қаржы бөлінсе жобаны 2020 жылы да жалғастыруға мүмкіндік бар.

Соңғы жаңалықтар