Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда белгілі журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 11 тамызда Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша ұсталды.

«Бұл бапта жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін жауапкершілік қарастырады», - деп хабарлады ведомстводан.

Журналист қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Ол мойындау туралы куәлік беріп, процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шықты.

«Қазіргі таңда тергеу облыстық полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді»,- деп атап өтті Жетісу облыстық полиция департаментінен.


Соңғы жаңалықтар