Талдықорғанда жол ережесін бұзған 8 мыңға жуық жүргізуші жауапқа тартылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Талдықорғанның тәртіп сақшылары жол ержесін бұзған жүргізушілерге 7937 әкімшілік хаттама толтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазаның қатаңдатылғанына қарамастан, көлікті мас күйде басқарған жүргізушілер саны азаяр емес. Жыл басынан бері темір тұлпарын ішімдік ішіп басқарудың 46 дерегі әшкереленіп, тиісті шаралар қабылданды. Көлік әйнегіне қараңғылайтын пленка жапсырғаны үшін 350 хаттама толтырылды. Тиісті құжаттары болмаса да көлік басқарған 320 жүргізуші ұсталды. Қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 429 тұлғаға айыппұл салынды»,- деді Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

Қазіргі таңда қалада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы шаралар өткізіліп жатыр. Жол ережесін бұзғандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң әкімшілік жазалар қолданылуда.

«Жаяу жүргіншілер де көлік жүргізушілері сияқты жол қозғалысының қатысушылары. Яғни олардан да жол жүру ережелерін қатаң сақтау талап етіледі. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту – жаяу жүргіншілер арасында ең көп кездесетін құқықбұзушылық. Оның салдары өте ауыр болуы мүмкін. Осыған қарай, жыл басынан 516 жаяу жүргіншіге жол жүру ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды»,- деп толықтырды полковник Асқар Нұрсапа.


Соңғы жаңалықтар