Талдықорғанда жол ақысы қымбаттады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап қоғамдық көліктегі билет бағасы 20 теңгеге қымбаттады. Осы уақытқа дейін тұрғындар қоғамдық көлікте жол ақысына 60 теңге төлеп келсе, енді 1 қаңтардан бастап 80 теңге төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығында 29 бағдар бойынша 7 мердігер мекеме жолаушы тасымалдаумен айналысады. Жолақының қымбаттауына жанар-жағармайдың және қосалқы бөлшектер бағасының өсуі басты себеп болған. Қала әкімдігі бұл қадамға жан-жақты сараптап, қоғамдық ұйымдар сүзгісінен өткізіп барғанын айтады. Бірақ оқушылар мен студенттердің, 1 және 2 топтағы мүгедектер және 70 жастағы зейнеткерлердің тегін жүру жеңілдіктері сақталады.

«2015 жылы білсеңіздер бір литр жанармайдың құны 89 теңге болса, қазір 160 теңге болды. Екінші себеп жаңағы қосалқы бөлшектер, аккумулятор болсын, шиналдар болсын қазіргі нарыққа байланысты 40-50 пайызға қымбаттағандықтан осындай шешімге келдік», - деді қалалық жолаушы көлік және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Қуат Қаниет.

Соңғы жаңалықтар