Талдықорғанда жоғалған оқушы табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда жоғалып кеткен 13 жасар оқушы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметовтің мәліметінше, Әділет Нүсіпбаевтің жүрген жері бірнеше күннен кейін анықталған.

«Оқушы 24 қыркүйек күні табылды. Бала дін-аман. Ол қалада өз бетінше жүрген», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Әділет Нүсіпбаевтың жоғалғандығы жөнінде ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын. Алайда, кей ақпарат көздерінде  13 жастағы баланың әлі де табылмай жатқандығы жазылуда. Осыған байланысты ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне хабарласқан болатын.  

Ведомство келтірген мәліметтерге қарағанда, Алматы облысында екі күнде із-түзсіз жоғалған 13 адам табылған. Оның 3-еуі кәмелеттік жасқа толмаған балалар. 

Соңғы жаңалықтар