Талдықорғанда жоғалған баланың мәйіті табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.  ҚазАқпарат - Талдықорғанда бір апта бойы іздестірілген 2 жасар бала өлі күйінде табылды. 

Анастасия Руденконың денесін құтқарушылар Қаратал өзенінен тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қаратал өзенінің арнасымен қайықпен жүзіп келе жатқанда, өзен бойындағы аралшықтардың бірінен баланың мәйіті табылды. Ата-аналардан балаларды алысқа жібермеуді, оларды судың жағасында қараусыз ойнатпауды сұраймыз", - дейді Алматы облыстық ТЖД-ның ресми өкілі Азамат Жұртбаев.  

2 жастағы  Анастасия Руденко үйдің үлкені. Балықты өзенінің маңында тұратын кішкентай қыз үйінің ауласында ойнап жүріп,  жоғалып кеткен болатын. Оны іздестіруге 60-тан астам адам жұмылдырылды. Еріктілер де белсене араласты. Алайда, оқиға қайғымен аяқталды. Бұл Алматы облысында болған алғашқы жағдай емес. Биылдың өзінде 5 адам суға батып, қаза болды.

Соңғы жаңалықтар