Талдықорғанда желтоқсандықтарға арналған ескерткіш ашылады

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Келесі жылы Талдықорғанда желтоқсандықтарға арналған ескерткіш ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оның эскизін әзірлеуге желтоқсандықтардың өздері қатысады, ал қажетті қаржылай қолдау әкімдік тарапынан көрсетіледі.

Жалпы өңірде Жеклтоқсан оқиғасына қатысқан 74 азамат тұрады.

«Талдықорғанда монументті «Жастар» саябағына қоюға болады, бірақ орны туралы әлі де ақылдасайық. Желтоқсан оқиғасына объективті баға беретін деректі фильм түсіру керек, кітап шығару керек деп есептеймін», - деді аймақ басшысы Бейбіт Исабаев тарихи оқиғаның куәгерлерімен кездесуде.

Фото: ecokarta.kz

Соңғы жаңалықтар