+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Талдықорғанда жаяу патруль саны артты

2020 жылғы 18 ақпан 18:48
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда жаяу патруль саны артты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -Талдықорғанда жаяу патруль саны артты. Егер бұрын қала көшелеріне тек ұлттық ұлан сарбаздары патрульдік бақылау жүргізсе, жаңа тәртіп бойынша әр топқа бір-бір полиция қызметкерінен қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында қауіпсіздік шаралары күшейтілді Алматылық жастар блокбекетте тұрған барлық қызметкерлерге дастархан жайды Қостанай облысының әр ауданында бақылау бекеттері қойылмақ

Жаяу патрульдің көбеюімен бірге олар аралайтын бағыттар саны да артты. Егер осы уақытқа дейін ұлттық ұлан жауынгерлері қалада тек 20 бағыт бойынша жүрсе, енді олар аралайтын аумақ үш есе артып, бақылау бағыттар саны 60-қа жуықтады. «Патруль санының артуына қала аумағының кеңейіп, халық санының өсуі басты себеп болып отыр», - дейді облыстық жергілікті полиция басқармасының басшысы Бағдат Әбішев.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде қазіргі таңда 280 патрульдеу бағыты әзірленген. 125 автокөліктік патрульдеу, 2150 жаяу бағыт, 5 модульді бекет бар. Ал жаз айларында Талдықорған қаласындағы патрульдейтін бағыт санын 120-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT