Талдықорғанда жасырылған оқ-дәрілер табылды

None
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорғанда оқ-дәрілер жасырылған жер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол жерден тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болтын 9 мм калибрлі 838 патрон табылды.

«Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады», - деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсаинов.


Соңғы жаңалықтар