+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Талдықорғанда жас полицейлер ант қабылдады

2016 жылғы 5 қараша 16:12
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда жас полицейлер ант қабылдады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық ішкі істер департаментінің жас полицейлері ант қабылдады.

null
Салтанатты шара жаңадан пайдалануға берілген сап түзеу алаңында ұйымдастырылды. 16 жас маман қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, еліне, Елбасына адал қызмет етуге сенім білдірді.

"Ішкі істер департаментінде ант қабылдау Қазақстанның барша халқына, Президентіне, Заңдарына адал қызмет ету деген сөз. Ол үлкен жауапкершілік. ҚР Заңды мүдделерін қорғауға, берген антыма адал болуға уәде беремін"- деді ант қабылдағандардың бірі, жас маман Санатбек Иманбеков.

null

Сондай-ақ жиын барысында облыстық ІІД - нің басшысы, генерал-майор Мұрат Урумханов 12 қызметкерге арнайы атақтарын табыс етіп, қызметтеріне сəттілік тіледі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай естелік аллеясының негізі салынып, 25 шырша көшеті отырғызылды. Оған департамент басшылары, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT