Талдықорғанда жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды
2022 жылғы 4 шілде 09:53

Талдықорғанда жаңа туған сәбидің денесі қоқыстан табылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 8:00 шамасында Талдықорғанда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгердің сөзінше, сәбидің кіндігі кесілмеген.

«Қоқыс төгуге шыққанмын. Қарасам ақ орамалға оралған бала жатыр. Кіндігі кесілмеген. Жолдасымен қоса жатыр. Бала өліп қалған. Шамамен мерзімінен бұрын (7-8 айлық) туған ба деп ойлаймын, кішкентай бала екен», - деді ҚазАқпарат тілшісіне куәгер.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге баланы қоқысқа кімнің тастап кеткені белгісіз.

Айта кетейік, шақалақтың денесі Талдықорғандағы 7 шағын аудандағы 17 үйдің қоқыс төгетін жәшігінен табылды.




Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT