Талдықорғанда жаңа асфальтті қайта жаңартқан әкімдік өз әрекетіне түсініктеме берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы коттеджі қалашықтағы жаңа асфальтті қайта жаңартқан әкімдік өз әрекетіне түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті блогер жаңа асфальтті қайта жаңартқан шенділердің әрекетіне шағымданып, бейнеүндеу жариялады.

«Бұл коттеджді қалашықты 2-3 жыл бұрын салды. Қараңыздаршы, жаңа асфальт, жағдайы жақсы. Бұл жаңа шағын аудан. Жаңа жол болды, бірақ жаңа жолды, қайта жаңартты»,- деді блогер өз бейнежазбасында.

Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі блогердің наразылығына жауап берді.

«Коттеджді қалашықтағы 15,4 шақырым жол 2008-2011 жылы салынып, 2011 жылы пайдалануға берілген. Биыл жолдың шұрық тесігін, бүлінген жерлерін жөндеу үшін жұмыстар жүргізілуде. 15,4 шақырым жолдың 6,5 шақырымы жөнделеді. Жұмыстар 20 көшенің алтауына жасалады», - делінген ведомствоның жауабында.


Соңғы жаңалықтар