Талдықорғанда жалған полицей ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағылар 32 жастағы талдықорғандықты алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Полицияға қонақ үйлердің бірінің әкімшілігі арызданды. Ол жерде оларды  белгісіз азамат өзін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерімін деп таныстырып, 150 мың теңгеге жуық ақша бопсалағаны жөнінде жазылған. Сондай-ақ белгісіз азамат түрлі мемлекеттік органдар арқылы сол қонақ үйге тексеріс жүргіземіз деп сес көрсетіп, қорқытады екен",- деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Болжам бойынша, ер азамат 150 мың теңгеге жуық ақшаны бірден алмаған. Ол бұл қаражатты екі-үш айдың ішінде 30-40 мың теңге көлемінде алып отырған. Қазір осы іске байланысты сот-алды тергеумен Талдықорғанның полицейлері айналысуда.

"Күдікті дәл осы қонақ үйге келген сәтінде ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді. Ұсталған 32 жастағы азаматтың еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды. Қазір күдіктінің өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр",- деп толықтырды полиция өкілдері.

Соңғы жаңалықтар