Талдықорғанда Жақсылық Үшкемпіров жайлы фильм түсіріліп жатыр

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында   қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), грек-рим күресінің палуаны Жақсылық Үшкемпіров жайлы фильмнің эпизодтары түсіріліп жатыр. Бүгін талдықорғандықтар актерлермен кездесіп, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл қазіргі сәтте Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайының басты алаңы  1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиададан сыр шертіп тұр. Бұл жердегі барлық көрініс сол заманның ағымына алып келеді. Залдың іші олимпиаданы тамашалап, қолдау көрсетіп жатқан көрерменге толы. Осылайша Талдықорғанда Жақсылық Үшкемпіров жайлы фильмнің эпизодтары қызу түсіріліп жатыр.  Ал  театр актері Олжас Сақ чемпионның өміріндегі нағыз маңызды сәттің бірін сомдауда. Жақсылық Үшкемпіровтың жастық шағына бет-әлпеті өте ұқсас жігіт киноға түсу үшін екі ай бойы жаттыққанын жеткізді.

null  «Мен осы фильмге түсу үшін екі ай бойы жаттығу залынан шықпай дайындалдым. Оқушы кезімде еркін күреске қатысқан болатынмын. Ал мұнда классикалық күрестен жаттығу жасау керек болды. Сонымен қатар, Жақсылық ағамыздың көптеген тәсілдерін қайталау ауыр тиді. Қазіргі күні оған да етім үйренді», -  деді  жастармен кездесу барысында Олжас Сақ.

null Сондай-ақ  фильмде жаттықтырушының рөлін Ресей актері Дмитрий Гудим сомдайды. Ал құрамада бірге болған Шамиль мен Резанцевтің рөлдері Нұрғиса Қуанышбайұлы мен ресейлік Артем Крысинге жүктелген. Ресей актері Артем Крысин Талдықорғанның тамаша табиғатына тамсанды. 

«Бізде (Ресейде) күн бұлай түсе бермейді. Ал Талдықорғанда күн сәулесі шуағын кеңінен шашады екен. Мұның өзі көңіл-күйге жақсы әсер ететінін байқадым», - деді ол.

nullЖалпы фильмнің эпизодтары Талдықорғаннан өзге қалаларда да жүргізілген. Мәселен,  бұған дейін түсірілім Өскемен қаласында жүзеге асса, біршама бөлігі  Беларусь мемлекетінде де таспаға басылған.

Кездесу соңында қала жастары актерлермен естелік суретке түсті.

Айта кету керек, аталған шара  Талдықорғанның қала күні аясында ұйымдастырылды. Ал шаһар жұртшылығы қала күнін 29 қыркүйекте кең көлемде атап өтпек.  Басты мерекеге дейін бір ай көлемінде тұрғындардың назарына түрлі шаралар ұсынылуда.  

Соңғы жаңалықтар