Талдықорғанда заңсыз алкоголь сатқандар ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорған қаласында заңсыз алкоголь өнімін сатқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлері тексеру жүргізген.

«Тексеру барысында қала орталығындаға сауда үйі қоймасының бірінен алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау және ілеспе жүк құжаттарынсыз оны айналымға шығару фактісі анықталды. 118 дана алкоголь өнімі табылды. Оның жалпы сомасы 233 500 теңге. Оның ішінде 90 дана беслитрлік ыдыс, 0,5 л – 22 дана және 1 л – 6 дана құрамында спирті бар өнім алынды. Сондай-ақ 3 360 дана құны 840 мың теңгенің акциздік маркасы жоқ темекі партиясы анықталды», делінген хабарламада.

Қазір кінәлілерді жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда. Аталған факті бойынша материалдар Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілген.

Соңғы жаңалықтар