Талдықорғанда волейболдан ел чемпионатының IV туры өтеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында волейболдан ел чемпионатының IV туры жалауын көтереді. Айтулы дода ақпанның 12-19 күндері аралығында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар» спорт сарайында өтетін волейболдан Ұлттық Лигадағы әйелдер командалары арасындағы ойындар күнделікті сағат 12.00-де басталады деп күтілуде. Тартысты бәсекеде Астана және Алматы қаласының, Қарағанды, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының командалары кездеседі.

Соңғы жаңалықтар