Талдықорғанда үш жаңа мектеп салынып жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Жаңа оқу жылында Талдықорғанда үш бірдей жаңа мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.  Атап айтқанда, музыка және әрқайсысы 1200 орындық екі жалпы білім беретін мектептер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылыс нысандарының жұмысымен танысқан өңір басшысы Амандық Баталов әр нысанға қатысты ескертпелерін айтып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына баса назар аударуды тапсырды.

Облыс орталығындағы 300 орындық музыка мектебі жаңа Оңтүстік-Батыс тұрғын үй ауданында орналасқан. Екі қабатты ғимараттың кейпі амфитеатрға ұқсас, 200 орынға арналған жеке концерт залы бар. Нысандағы жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде. Осы ауданда 1200 орындық жалпы білім беретін мектептің де құрылысы жүріп жатыр. 1200 орынға арналған тағы бір мектеп облыс орталығының солтүстік-батыс ауданында салынуда. Бас мердігері - «Melior Logistik», жобалаушы ұйым - «Арлан-Жоба Құрылыс» ЖШС. Бұл білім нысанының құрылысы шілде айында аяқталуы тиіс. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.  Облыс әкімі мектептің қасбет түсінің қандай болатынын нақтылап беріп, сол сияқты таңдалған ішкі есіктерін, жарық шамдары мен еден плиткаларын көріп, мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар