Талдықорғанда ұрылар шойыннан қоршалған зираттарды тонап жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанға қарасты Өтенай ауылындағы зираттың шойын қоршаулары ұрланып жатыр. Ұрылар қоршауларды түбінен сындырып, қолды қылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 наурыз күні зиратқа барғанымда төрт бірдей жақынымның қоршаулары ұрланғанын көріп, жағамды ұстадым. Әкемнің, апамның, тәтемнің және апайымның молалары шойыннан қоршалған. Ұрылар шойын темірлерді түбінен сындырып, түгін қалдырмай ұрлап кеткен. Ал жанында жәй темірмен қоршалған зираттардың қоршаулары тұр. Біз туыстарымыздың басына соңғы рет 20 ақпан күні барған болатынбыз. Ол кезде туыстарымыздың зираттарының есіктері ұрланғанын көрдік. Ішімдікке салынған біреулер қолды қылған болар деп ойлап, ешқайда арызданбадық. Ал 14 наурыз күні қоршаудың есігін жасайық деп келсек, бүкіл қоршаудың барлығын сындырып алып кеткен. Шойын өте ауыр ғой. Олар көліктерімен кіріп, жоспарларын асықпай жүзеге асырғаны көрініп тұр. Зираттың жанында көліктің іздері жатыр», - деді Талдықорғандық Александр Герман.
null

Шағымданушы сол сәтте тергеушіге хабарласып, арыз қалдырғанын жеткізді. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растады.

"Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жедел іздестіру жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл іс Талдықорған қалалық полициясының өндірісінде",- деді аталған ведомствоның өкілі Серік Үпиев.

null

Соңғы жаңалықтар