Талдықорғанда «Ұлы дала ұрпағымыз» атты флешмоб ұйымдастырылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына ерекше тарту жасады. Олар күмбірлетіп күй шертіп, патриоттық əндерді əуелетіп шырқады.

Ерекше қойылым  қаладағы ойын-сауық кешеннің  бірінде өтті. Жергілікті тұрғындардың аталған шараға ықыластары ерекше болды. Тамашалауға лег-легімен ағылды. Олардың назарына 100 -ден аса оқушы "Балбырауын" жəне "Сарыарқа" күйлерін орындады.  Айта кету керек, еліміздің барлық облыс орталықтары мен қалаларындағы  Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары «Біз - Ұлы дала ұрпағымыз» атты флешмобты  бір мезетте ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар