Талдықорғанда ҮЕҰ арналған үш қабатты әлеуметтік орталық ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда Үкіметтік емес ұйымдарға арналған үш қабатты әлеуметтік орталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа мекемеде ұйым өкілдері үшін барлық жағдай қарастырылған. Мамандар компьютерлік түрлі бағдарламаларды үйретуге, ағылшын тілін тегін меңгеруге және ең бастысы әлеуметтіктік жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты тегін көмек көрсететін болады.null null

«Қаржыландыру көлемі жылдан жылға артып келеді. Облыс әкімдігінің қолдауымен 2016 жылы 25 млн болса, былтыр 50 млн теңгеге жетті. 2019 жылы 75 млн теңгенің гранты беріледі. Біздің үкіметтік емес ұйымдар тек қана облыстық қана емес, республикалық және халықаралық гранттарды алып, керемет жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар», - деді Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев.null

Жетісу өңірінде 1000 - нан аса үкіметтік емес ұйым бар. Бірақ оның 300-ден астамы ғана белсенді жұмыс істейтінін айтады мамандар. Ал мұндай орталықты ашудағы негізгі мақсат әр адамның қоғам алдындағы белсенділігін арттырып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға бейімдеу.

«Азаматтар күнделікті тіршілікпен, бизнеспен ғана емес, сонымен қатар өз айналасындағы қоғамға да өз үлесін қосу керек», - деді Рустам Алпысбаев.

Соңғы жаңалықтар