Талдықорғанда учаскелік полиция қызметкерлері 30-ға жуық сауда орнын заңсыз тексерген

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда учаскелік полиция қызметкерлері 30-ға жуық сауда орнын заңсыз тексеруге жол берген. Прокурорлық тексеру барысында Жетісу облысында 2 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бақылаушы мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен 2 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мысалы, салық органдары мыңнан астам жеке кәсіпкерге заңмен қарастырылмаған шектеу шараларын (салық бұйрығы) қойған. Қадағалау актісі негізінде олар заңсыз деп танылып, күші жойылды», - деді Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев.

Талдықорған қаласында учаскелік полиция қызметкерлері 30-ға жуық сауда орнын заңсыз тексеруге жол берген. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратураның базасында құрылған «Мобильді топтар» кәсіпкердің құқығын бұзу жайлы 33 сигналды қабылдап, олар бойынша тиісті шаралар қабылдады. Топ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында арнайы «мобильді қосымша» әзірленіп, ол көпшіліктің назарына ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар