Талдықорғанда тұрмыстық қалдықтар бұдан былай сұрыпталатын болады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда тұрмыстық қалдықтар бұдан былай сұрыпталатын болады. Алғашқы күл-қоқыс жәшігі қала орталығындағы тұрмыстық техника дүкенінің маңына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Тұрғындарға бірінші болып жастар үлгі көрсетіп, қалдықтарды арнайы жәшіктерге сұрыптап салып берді. Шара барысында ұйымдастырушылар тұтынушыларға құрамында сынап пен  түрлі химиялық элементтер бар тұрмыстық қалдықтардың адам ағзасына қаншалықты зиян екенін түсіндірді.

null  

Айта кету керек, қаланың әр аймағында мұндай  контейнерлер үшін арнайы орындар қарастырылып, келер жылы 80 данасы қойылады деп жоспарлануда.

null  

Ол өз кезегінде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу, зиянды қалдықтарды жою жұмыстарын біршама жеңілдетеді. «Ең бастысы - қоршаған ортаға және қаламыздың тазалығына нұқсан келмейтін болады», -  дейді жергілікті билік өкілдері. 

null  

«Қоқысты қайта өңдеу фабрикасы салынып жатыр. Бұйыртса осы жылдың аяғына дейін ол мекемені біз іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз», - дейді Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Мәмбетжанов.

null null  

Соңғы жаңалықтар