Талдықорғанда түркітілдес елдер кинофестивалін өткізу ұсынылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда түркітілдес елдер кинофестивалін өткізу ұсынылды. Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың есептік жиынында режиссер Ақан Сатаев онлайн байланысқа шығып, осындай ой тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Талдықорған - Жетісудың бас қаласы. Облыс орталығы жылдан-жылға көркейіп, ажарланып келеді. Халықаралық деңгейде рухани әрі мәдени шаралар өткізуге әбден лайық», - деген Ақан Сатаев облыс басшысына түркітілдес елдер кинофестивалін өткізуді ұсынды. Амандық Баталов бұл ұсынысты құптап, мұндай шараны өткізу арқылы біз облыс орталығын әлемге танытамыз деген пікір айтты. Және мұндай халықаралық кинофестивалді биылдан қалдырмау керектігін жеткізді.

«Жаңадан салынған театрымыз бар, жанында әдемі қонақ үй тұр, тамақтану орындары жеткілікті. Театрда кинопремьераларды көрсетіп, қонақтарды орналастырып, жақсылап күтіп алуға барлық мүмкіндігіміз бар. Сондықтан біз барлық жағынан бұл жобаға қолдау көрсетеміз», - деді өңір басшысы.


Соңғы жаңалықтар